08.04.2018, 21:00 793 Қазақстан Дэвис Кубогымен қоштасты

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Хорватия мен Қазақстан арасындағы шешуші ойында Марин Чилич Михаил Кукушкиннен айласын асырып (6:1, 6:1, 6:1), өз командасына жеңіс сыйлады (3:1).

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы бесінші рет Дэвис кубогының ширек финалында өнер көрсетті.

Фото: daviscup.com

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал