02.07.2018, 20:05 1368 Қазақстан екі ойын қатарынан жеңілді

Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан 2019 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің бірінші айналымында Қазақстан құрамасы Ираннан жеңілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс иелері саналатын ирандықтар 88:56 есебімен Қазақстан құрмасынан басым түсті. Шыны керек, бұл матчта Иран құрамасы сөзсіз фаворит еді. Одан бөлек, Қазақстан құрамасының көшбасшылары Антон Понамеров пен Александр Колесников қатарда жоқ. Мұның бәрі команданың ойынына Иракпен өткен алғашқы кездесуде-ақ әсер еткен.

Матч қазақстандықдар үшін сәтсіз басталды. Бірнеше минуттан соң таблода 10:0 есебі көрсетіліп, біздің жігіттер үшінші минутта ғана алғашқы добын салған еді. Осы доп айырмашылығы кездесудің соңына дейін өзгерген жоқ. Ирандықтар үстемдігін еселей түсті. 

Іріктеу айналымын жаңа бапкермен бастаған Қазақстан құрамасы осылайша сырттағы екі кездесуді де жеңіліспен аяқтады. 

Астанада өткен іріктеу айналымында да Иран құрамасы 75:54 есебімен жеңіске жеткен болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал