27.11.2018, 11:37 5874 Қазақстан футболшылардың жалақысы бойынша ТОП-25 енді

Global Sports Salaries компаниясы бірқатар зерттеулер жүргізіп, әлем бойынша барлық чемпионаттардағы футболшылардың жалақысын анықтады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл тізімде Қазақстан Премьер-Лигасы да бар. Global Sports Salaries дерегі бойынша, Қазақстан Премьер-Лигасының негізгі құрамының футболшысы орта есеппен жылына 148 513 доллар (айына 12 376 доллар) табады. Осы көрсеткіш бойынша ҚПЛ әлемде 25-орында тұр.

Футболшыларға берілетін ақы бойынша Англия көш бастап тұр - жылына 3 935 197 доллар. Сондай-ақ, үздік үштікте Испания - 2 896 151 доллар және Италия - 1 999 865 доллар бар. Қазақстан чемпионаты Оңтүстік Корея, Аустралия, Польша, Хорватия және басқа лигалардан жоғары орында.  

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал