16.07.2018, 8:05 722 Қазақстан Испанияда өткен Гран-приде бес медаль еншіледі

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Испанияның Мадрид қаласында өткен Гран-при жарысында сәтті өнер көрсетті. Нұрлан Аманқосов баптайтын еліміздің бойжеткендері ел қоржынына 3 күміс 2 қола медаль салды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Испания астанасында өткен Гран-при турнирінде үш қызымыз финалда өнер көрсетті. Өкінішке қарай, барлығы да қарсыластарына есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды. Атап айтсақ, 53 келідегі Жұлдыз Эшимова финалда АҚШ балуанынан ұтылса, 55 келідегі Марина Седнева швед қызынан жеңілді. 59 келіде қырғыз балуанына жол берген Мадина Бақбергенова Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Қоржынымызға түскен екі қола медальді Назира Аманжолова (59 келі) мен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңіп алды.

Командалық есепте бойжеткендеріміз үшінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, ерлер арасындағы бәсекеде 70 келіде күрескен Аслан Қуанышбеков күміс жүлдені қанағат тұтты. Аслан финалда моңғол балуанынан ұтылды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал