08.11.2018, 12:55 269 Қазақстан командасы IBU кубогіне қатысу үшін Швецияға аттанады

11 қараша күні биатлоннан Қазақстан құрама командасы Швецияның Идре қаласына аттанады. Команда мүшелері аталған мемлекетте оқу-жаттығу жиындарын өткізген соң биатлоннан IBU кубогінің бірінші кезеңіне қатысады,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетелік, IBU кубогі әлем кубогі кезеңдеріне қатысу квотасын көбейтуге мүмкіндік береді. IBU кубогінде жинаған ұпай саны спортшыларға әлем кубогі кезінде қажет болмақ. 

Қазақстан командасы 11-27 қараша аралығында Идре қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр. Жаттығу жиыны үшін аталған елдің таңдап алынуы да бекер емес. Басшылық спортшылардың жергілікті климатқа бейімделіп, алдағы жарысқа тыңғылықты дайындалуына жағдай жасауда. 

Швецияға аттанатын Қазақстан құрамасы мүшелерін назарларыңызға ұсынамыз.

Әйелдер құрамасы: Галина Вишневская, Дарья Климина, Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко, Людмила Ахатова.

Ерлер құрамасы: Владислав Витенко, Роман Еремин, Антон Пантов, Максим Браун, Тиму Куц и Петр Ермоленко.

Идреде өтетін IBU кубогінің бірінші кезеңі 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығына жоспарланған. 

IBU кубогінің алғашқы кезеңінен соң дереу әлем кубогі кезеңі де басталады. Бірінші кезең Словенияның Поклюка қаласында, 2 желтоқсан күні өтеді. Аталған жарысқа қатысатын команда құрамы кейінірек белгілі болмақ. 

Еске сала кетейік, биылғы маусымда IBU кубогінің 8 кезеңі, әлем кубогінің 9 кезеңі және әлем чемпионаты өткізіледі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал