28.03.2018, 12:08 798 Қазақстан кубогы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

30 наурызда сағат 16:00-де 2018 жылғы маусымының Қазақстан Республикасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚКФЛ ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәстүр бойынша іс-шара ҚКФЛ-ТВ жобасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

ҚР Кубогының 1/8 финалының қатысушыларының қатарына Премьер-лиганың 12 клубы және Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің топтарында жеңімпаз атанған «Қыран», «Мақтаарал», «Оқжетпес»,  «Тараз» кірді. 

Бұл кезеңде теке-тірестер бір матчтан тұрады. Қазақстан Кубогының 1/8 финал ойындары 18 сәуірде өтеді.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал