09.07.2018, 9:27 826 Қазақстан кубогының финалы мен көпсайыстан ел чемпионаты басталды

9-10 шілде күндері  Алматыда екі маңызды дода өтеді. Оның бірі – Қазақстан Кубогінің үшінші (ең соңғы) кезеңі болса, екіншісі - ересектер мен жасөспірімдер (U-20), сондай-ақ, үлкен (U-18) және кіші (U-16)  жастағы жеткіншектер арасындағы көпсайыстын Қазақстан чемпионаты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Кубок жолындағы жарысқа еліміздің он облысы мен Алматы және Астана қаласының спортшылары қатысады. Сонымен қатар, турнирге қатысуға Қырғызстан мен Тәжікстан жеңіл атлеттері де өтініш берген.

Еске сала кетейік, кубоктік доданың финалына осыған дейін түрлі себептермен турнирден сырт қалған спортшылар қатыспақшы. Олардың арасында Ольга Сафронова (100 м), Элина Михина (100 және 200 м), Мерджен Ишангулиева (400 м кедергілер арқылы), Роман Валиевтер (ұзындыққа секіру) бар. Тәжірибелі спортшылармен бірге жарыс жолына осыдан бірнеше күн бұрын ІІІ жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама алған жас атлеттер де шығады. 

Көпсайыстан Қазақстан чемпионатына жалпы есебі алты ер адам мен сегіз әйел қатыспақшы.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал