21.05.2018, 14:32 732 Қазақстан құрамасы әлемдік хоккей рейтингінде төменге сырғыды

Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) жаңартылған рейтингі шықты.
Рейтингте бірінші орынды бұрынғыша Канада құрамасы (3 990 ұпай) иеленіп отыр, шведтер (3 945) Ресейді (3 930) басып озып, екінші орынға көтерілді. Қазақстан құрамасы екі позиция жоғалтып, 18-ші орынға жайғасты (2 760).
Еске салайық, Қазақстан 2019 жылы ерлер командасы арасында бірінші дивизионда А тобының әлем чемпионатын қабылдайды. Дайындық аясында ұлттық құрама Аустрия және Италиямен кездеседі.
Қазақстандық команда 2019 жылы сәуірде чемпионаттың алдында Беларусьпен және Оңтүстік Кореямен ойнайды.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал