18.08.2018, 20:00 623 Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатына аттанды

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанатына аттанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Көптеген қазақстандық спортшылар бүгін жаттығу жиынын өткізіп, ертең, 19 тамыз күні жарыс жолына шығады. Сол себепті, спортшылардың басым бөлігі ашылу салтанатынан сырт қалды.

Азиадаға қатысушы спортшылар шеруіне баскетболдан қыздар командасы, суда жүзушілер, боксшылар мен таеквондошылар толық құрамда қатысады.

Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын 21 жастағы Әбілхан Аманқұл көтеріп шығады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал