27.03.2018, 14:28 697 Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының 1/4 финал матчына дайындықты бастап кетті

Қазақстан құрамасы Венада Дэвис Кубогының 1/4 финалы аясындағы кездесуге дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың жиынында Александр Недовесов, Тимур Хабибулин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев және Роман Хасанов бар. Сондай-ақ, бүгін еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин да жаттығу жұмыстарына қосылады.

Хорватия-Қазақстан матчы 6-8 сәуір аралығында Вараждинде өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал