11.02.2018, 1:59 108 Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында төртінші орын алды

Қазақстан футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесі үшін Ресеймен болған матчта жеңіліп қалды.
Аса тартысты өткен матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Екінші таймда ресейліктер басымдылық танытып, бұрыштамадан берілген доптан кейін Эдер Лима есеп ашты. Кездесу барысында екі ескерту алып, белді ойыншы Дуглас Жуниор алаңнан қуылғаннан кейін, Қазақстанның жағдайы қиындай түсті. Сөйтіп ресейліктер 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Какаудың шәкірттері бұдан екі жыл бұрынғы жетістіктерін қайталай алмады.
Еске сала кетейік, алтын жүлде үшін Испания мен Португалия құрамалары таласады. Ресей мен Қазақстан құрамалары осы турнир аясында бұған дейін де кездескен болатын - «В» тобындағы матч 1:1 есебімен аяқталған еді. Ресейлік футболшылардан голды Эдер Лима (2-минутта) соқса, қазақстандықтар арасынан нәтижелі соққыны Дуглас (24-минутта) жасады. Тең есеп Қазақстанға ширек финалға өтуге мүмкіндік берді.
1/4 ойында Ресей Словенияны (2:0), Қазақстан Сербияны (3:1) жеңді. Жартылай финалда ресейліктер Португалия командасына есе жіберді (2:3). Ал Какау жаттықтыратын қазақстандық футболшылар (5:5, 1:3 - пенальти бойынша) Испанияға жол берді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал

Пікірлер (0)