23.08.2018, 20:37 6483 Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды

Almaty Arena көпфунцкионалды кешенінде бүгін футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуі өтті. Қазақстан ерлер құрамасы Аргентинаға қарсы ойнап, оны 6:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Ойындағы есеп 6-ші минутта Владислав Черномордовтың голымен ашылды, ал, үш минут өткеннен кейін аргентиналық Ди Рика есепті теңестірді. Осыдан кейін ойын бір қалыпта болғанымен, қауіпті соққылар көп болды. Бірінші таймнын аяқталуына бірнеше секундтар қалғанда Ұлан Жақсылықов пен құрама капитаны Біржан Оразов есепті 3:1-ге жеткізді.  

Екінші таймда өте әсерлі әрі қызықты болды. Отандастарымыз екі доп алда келседе, шабуылын тоқтатпады. Ойынның 5 минутында Ерсұлтан Сағындықов Черномордовтың пасынан кейін қақпаны дәл көздеп есепті 4:1 қылды. Артынша ойын аяқталар уақытта үш минут қалғанда Аргентина бапкері қақпашының орнына ойыншыны шығарып, соның көмегімен екінші голды салды, оның авторы Кирчбаун. Алайда, біздің ойыншылар бұл голға екі доппен есе қайтарды. Арнольд Кнауб пен қақпашы Асылжан Алин әдемі голдарымен көзге түсті. Қорытынды есеп - 6:2.   

Бұл кездесумен қатар Halyk Arena мұз кешенінде жартылай финалдық талас үшін Португалия мен Таиланд құрамалары ойнады. Португалдықтар 7:2 есебімен қарсыласын ойсырата ұтып, Қазақстанның қарсыласы атанды. Матч ертең, 24-ші тамыз сағат 20:00-де Almaty Arena-да өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал