11.04.2018, 13:08 762 Қазақстан құрамасы Венгриядағы әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Астанада хоккейден Қазақстан құрамасы өзара жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Сәуірдің 12-і, Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Италия еліне аттанады. Онда жерлестеріміз Италия командасымен екі жолдастық матч өткізеді. Артынша, Аустриямен күш сынасады.

Әзірге Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына тізімі белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Венгрияның Будапешт қаласында сәуірдің 22-28 аралығында әлем чемпионатының I дивизионындағы А тобында өнер көрсетеді. Ұлттық құрамамыздың қарсыластары - Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Венгрия командалары.

Қазақстан құрамасының капитаны болып Максим Семенов тағайындалды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал