12.06.2018, 16:38 1210 Қазақстан құрамасы волейболдан Азия чемпионатына қатысып жатыр

Вьетнамның Бакнинь қаласында өтіп жатқан волейболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сында Қазақстан құрамасы екі ойын өткізді. Ұлттық құрама топтағы ойындардың бірінде жеңсе, екіншісінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық қыздар Үндістан құрамасын жеңді. Тартысты өткен кездесуде жерлестеріміз 3:0 есебімен жеңіске жетті. Өкінішке қарай, екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы Қытайлық Тайпейлік құрдастарынан үш сет қортындысы бойынша ұтылып қалды.

Осылайша, екі ойыннан соң біздің құрама 3 ұпай жинап, В тобындағы үшінші орында тұр. Ал топтың үздіктері Қытайлық Тайпейде 5, Оңтүстік Кореяда 4 ұпай бар.

Еске сала кетейік, аталған Азия чемпионаты келесі жылы Италияда өтетін 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу сыны болып саналады. Әлем чемпионатының жолдамасына бірінші және екінші орын алған командалар қатысады.

Турнир кестесі. В тобы

1. Қытайлық Тайпей – 5

2. Оңтүстік Корея – 4

3. Қазақстан – 3

4.Үндістан - 0

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал