10.03.2018, 21:07 720 Қазақстан құрамасы жекелей аралас эстафетада үздік ондыққа енді

Қазақстандық биатлоншылар Владислав Витенко мен Галина Вишневская Контиолахтидегі Әлем кубогының кезеңіндегі жекелей аралас эстафетада тоғызыншы орын алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

«Синглмиксте» жеңісті Франция құрамасы тойлады. Екінші орынды Аустрия ұжымы иеленсе, үздік үштікті Норвегия командасы түйіндеді.

Владислав Витенко мен Галина Вишневская бастаған ұлттық құрамамыз сайыс қорытындысы бойынша тоғызыншы орында жайғасты.

Биатлоннан Әлем кубогының VII кезеңі, Контиолахти, Финляндия

Жекелей аралас эстафета, 2х3+2х2.5 шақырым

1. Франция – 33:29.1

2. Австрия - +2.4

3. Норвегия - +4.4

… 9. Қазақстан - +57.6

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал