18.04.2018, 11:25 948 Қазақстан құрамасына шетелдік бес хоккейші қосылды

Швециялық қақпашы Хенрик Карлссон және Ресейдің төрт хоккейшісіне Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Мұздағы хоккей халықаралық федерациясының (IIHF) шешімімен Хенрик Карлссон, Егор Шалапов, Дмитрий Гурков, Егор Петухов және Роман Рачинский енді Қазақстан құрамасының құрамына кіре алады.
34 жастағы голкипер Хенрик Карлссон «Барыста» екі маусым өткізді. Бұрын ол Швеция құрамасында өнер көрсеткен, бірақ ресми турнирлерге қатыспаған.
23 жастағы қорғаушы Егор Шалапов елордалық клубқа Башқұртстанның «Горняк» командасынан 2016 жылы ауысқан. ҚХЛ-да 92 матч өткізіп, 4 (1+3) ұпай жинаған. 21 жастағы форвард Дмитрий Гурков «Барыс» сапында 2015 жылдан бері жүр. ҚХЛ-да өткізген 39 матчында 5 (1+4) ұпай еншілеген.
24 жастағы шабуылшы Егор Петухов соңғы үш маусымды «Номаде» сапында өткізді. Негізгі құрамда айдынға түспеген. 23 жастағы қорғаушы Роман Рачинский «Номадта» екі маусым өткізді. «Барыс» құрамасында болғанмен, бірде-бір кездесу өткізбеген.
Еске сала кетейік, Әлем чемпионатының «А» тобындағы ойындар Будапеште 22-28 сәуір күндері өтеді. Элитаға берілетін екі жолдама үшін Қазақстан, Словения, Италия, Польша, Венгрия және Ұлыбритания құрамалары күш сынасады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал