16.03.2018, 8:13 1056 Қазақстан құрамасының капитаны «алтын» медальдің алдында тұр

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Әділбек Ниязымбетов Варшавада (Польша) Феликс Штамм турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Қазақстан құрамасы капитаны американдық боксшы Шон Хэмпфилдпен үш раунд бойы жұдырықтасты. Сонда да Әділбек қарсыласын оңай жеңіп, ақтық сынға шықты.

Еске сала кетейік, ертең финалда Әділбек Ниязымбетовтен басқа алтын үшін тағы бес қазастандық таласатын болады: Антон Пинчук (91кг дейін), Абай Төлеш (75кг дейін),  Асланбек Шымбергенов (69кг дейін), Бекдәулет Ибрагимов(64кг дейін) және Ілияс Сүлейменов(56 кг дейін).

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал