15.11.2018, 12:32 5513 Қазақстан – Латвия матчын қайдан көруге болады

УЕФА Ұлттар лигасының топтыө кезеңі аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы елордада Латвия футболшыларын қабылдайды, деп хабарлайды «SPORTINFORМ» САА тілшісі «QAZSPORT» арнасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржындағы 5 ұпаймен топта екінші сатыда тұр. Латвия құрамасының еншісінде 2 ұпай. Көш басында жеңіліс таппаған Грузия құрамасы - 12 ұпай.  

Аталмыш ойында Йенс Мое бастаған даниялық төрешілер құрамы қызмет ететін болады. Ригада өткен алғашқы ойында қос команда 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.  

Ойынды 15 қараша күні сағат 20:50-де «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.   

Сондай-ақ, «QAZSPORT» арнасы түнгі 01:35-те Бельгия мен Исландия құрамалары арасындағы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Ал, «QAZAQSTAN» арнасынан дәл осы уақытта Хорватия мен Испания арасындағы тартысты ойынды тамашалай аласыздар.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал