19.02.2018, 15:19 874 Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақы беруден бірінші орында тұр

 

Британияның Consultancy компаниясы Оңтүстік Кореядағы ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне қай мемлекет қанша көлемде сыйақы беретініне зерттеу жүргізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.


Атақты компанияның шығарған тізімінде біздің ел бірінші орынға жайғасыпты. Төрт жылдықтың басты додасында чемпиондарға Қазақстан 215 мың еуро көлемінде сыйақы бөлсе, екінші орын иеленген спортшыларға 125 мың еуро, үшінші орынға 62,5 мың еуро тағайындады.

Тізімде екінші орынға Италия тұрақтады. Итальяндар «алтын» медаль жеңіп алғандарға 150 мың еуро, екінші орынға 75 мың еуро, ал үздік үштікті түйіндеген спортшыларын 50 мың еуро сыйақымен марапаттайды.

Италиядан кейін Латвия, Беларусь, Украина, Чехия, Ресей елдері орналасты.

Еске сала кетейік, әзірге ел қоржынында бір медаль бар. Қола жүлде фристайлшы Юлия Галышеваның еншісінде, демек ол 62,5 мың еуроға байыды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал