11.09.2018, 2:54 2075 Қазақстан өз тобындағы ең осал құрамамен тең ойнады

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында Андорамен кездесті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Қонақтар матчты жоғары деңгейде бастаған еді, алайда, голды тек екінші таймның ортасында ғана соға алды. Исламхан асырған пастан кейін Логвиненко есеп ашты.

Бірақ, қазақстандықтар жеңісті қолдан жіберіп алды. 76-шы минуттан бастап бір ойыншысы кем ойнаған жерлестеріміз матч аяқталар тұста гол өткізді. Алаес есепті теңестірді.

Еске сала кетейік, Ұлттар Лигасының алғашқы ойынында қазақстандықтар Грузияға жол берді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал