21.05.2018, 12:38 700 Қазақстан регби федерациясына жаңа президент тағайындалды

Алматыда Қазақстан регби федерациясының әр аймақтағы өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, сонын нәтижесінде федерацияға жаңа президент тағайындалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жаңа президент болып 30 жасар Асыл Шалғымбаев атанды. Ол ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде қызмет атқарады.

Бұл шешім осы жиынға қатысқан әр ауданның федерация өкілдерінің бірегей дауыс беруі арқылы қабылданды. Сонымен қатар, жиналыс ҚР ҰОК мен шет елдегі «World Rugby» өкілі Оаклей Матью Эдвард пен «Asia Rugby» президенті Ага Хуссейннің қатысуымен өткізілді.

Айта кетсек, Асыл Шалғымбаев бұл орында 2016-ші жылдың ақпан айынан бастап президент болған Мұрат Уанбаевты алмастырды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал