17.05.2018, 9:00 80 Қазақстан регбиден Азия чемпионатының финалына шықты

 

Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ХАБ-қа сілтеме жасап.  

Жартылай финалдық кездесуде қазақстандықтар Монғолия командасын 55:6 есебімен жеңсе, қатарынан өткен ойында Пәкістан ұлттық құрамасы қырғыз ойыншыларын 82:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша қос құрама финалда кездеседі.  

Айта кетейік, жылда өтетін Азия чемпионаты Қазақстан аймағында бірінші рет өткізіліп жатыр.

Ұйымдастырушылар осындай халықаралық деңгейдегі бәсекелер Алматы қаласының даңқын асқақтатып, елімізді алдыңғы қатардағы спорттық орталықтардың бірі ретінде бүкіл әлемге танытатынына сенімді.  

2016 жылы регби Олимпиадалық спорт түрлеріне кірген болатын. Қазақстан ұлттық құрамасы Азия елдерінің арасында тұрақты жеңімпаз, ал әлем бойынша үздік 30 елдер қатарына кіреді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал