14.10.2018, 9:29 4586 Қазақстан Суперкубогы тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақстан футбол федерациясы YouTube-арнасында 14 қазан күні Щучинск қаласында өтетін футзалдан Қазақстан Суперкубогын тікелей эфирде көрсетеді.

Бас жүлдені алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары сарапқа салады. «Қайрат» ойынға ел чемпионы және Қазақстан Кубогының иегері ретінде қатысса, «Ақтөбе» ел чемпионатының күміс жүлдегері ретінде алаңға шығады. 

Кездесу «Жақсы» спорт кешенінде өтеді. Ойын Астана уақытымен 14:00-де басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал