27.03.2018, 1:37 823 Қазақстан сырт алаңда Болгарияға жол берді

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Болгариямен жолдастық матч өткізді. Венгрияның Фельчут қаласындағы «Панчо Арена» стадионында өткен 1:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеп.

Кездесудің бірінші таймында болгариялық футболшы Ивелин Попов төреші белгілеген пенальтиден гол соғып, есеп ашты.

Екінші таймда алаңға шыққан шабуылшы Еркебұлан Тұңғышбаев кездесудің 56-минутында таразы басын теңестірді. «Ордабасылық» ойыншы ұлттық құрамадағы алғашқы голын жартылай қорғаушы Магомед Парагульговтің өкшесімен қалдырған пасынан кейін соқты. 

Кездесудің соңына дейін Станимир Стоилов шәкірттерінің бірнеше мәрте есепте алға шығатын мүмкіндігі болды. Алайда, теңбіл доп қақпаға дарымай қойды.

Тәжірибелі Болгария құрамасы төреші қосқан қосымша уақытта екінші голын соғып, жеңісті жұлып әкетті. Голдың авторы - Никита Бодуров.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал