25.07.2018, 9:38 669 Қазақстан таэквондодан командалық есептегі Әлем кубогына қатысады

Бүгін Қытайдың Уси қаласында таеквондодан командалық есептегі Әлем Кубогы өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама намысын төмендегі таеквондошылар қорғайды: 

Айтуар Шайкенов, Нұрсұлтан Мамаев, Лес Абдусаммат, Дүйсебай Смайыл. 

Командалық есептегі әлем кубогі G8 санатындағы турнирге жатады. Бұл жарысқа қатысып, жеңіске жеткен спортшылар әлемдік рейтингтегі жағдайын да біраз жақсарта түспек. 

Қазақстан құрамасы Әлем Кубогына дайындық кезеңін Астанада өткізді. Кеше түнде олар Қытайға ұшып кетеді. 

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда өткен «Korea Open» турнирінде қазақстандықтар сәтті өнер көрсеткен болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал