26.09.2018, 10:30 1614 Қазақстан төрешілері Чемпиондар Лигасының ойынына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер бригадасы әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы 1/16 финалының аясында өтетін «Бавария» (Германия) - «Спартак Суботица» (Сербия) ойынына тағайындалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

26 қыркүйекте Мюнхен қаласында өтетін кездесуде бас төреші болып Эльвира Нурмустафина қызмет етеді. Қапталда бас төрешіге Елена Алистратова (Қостанай) және Динара Ыдрысова (Шымкент) көмектеседі. Қосалқы төреші - Татьяна Сорокопудова (Қарағанды).  

 

УЕФА-ның әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы

1/16 финал, қарымтай ойын

 «Бавария» (Мюнхен, Германия) – «Спартак» (Суботица, Сербия)

Бас төреші: Эльвира Нурмустафина (Теміртау)

Қапталдағы көмекшілер: Елена Алистратова (Қостанай) и Динара Ыдрысова (Шымкент)

Қосалқы төреші: Татьяна Сорокопудова (Қарағанды)

Инспектор: Илонка Миланова Джалева (Болгария).

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал