22.05.2018, 11:13 666 Қазақстан тұңғыш рет фристайлдан Әлем кубогының финалдық кезеңін қабылдайды

 

Грекия елінде өтіп жатқан Халықаралық шаңғы спорт түрлері федерациясының конгрессінде жаңа маусымның күнтізбесі бекітілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Фристайлдан жаңа маусымға күнтізбесінде әлем кубогының могул сайысының финалдық кезеңі Алматыда өтетіні белгілі болды. Аталмыш жарыс «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтеді. Бұл кезең келер жылдың 2-і мен 3-і наурызы өтеді.

Сондай-ақ, могулдан кезеңдер финляндияның Руке, қытайдың Тайву, канаданың Калгари мен Тремблан, АҚШ-тың Лэйк-Плэсид, жапонияның Тазавако қаларында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл қазақстандық Дмитрий Рейхерд могулдан Әлем кубогының кезеңінде екінші орын алған болатын. Ал Пхенчхан Олимпиадасының күміс жүлдегері Юлия Галышева Әлем кубогында алтыншы сатыда жайғасқан еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал