25.07.2018, 11:52 655 Қазақстан УЕФА елдері рейтингінің ТОП-25 тізіміне енді

Кеше елордалық «Астана» Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу раунды матчында өз алаңында даттық «Мидтьюлландты» 2:1 есебімен жеңді. Бұл нәтиже УЕФА елдері рейтингінде Қазақстанның 26-дан 25-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

Біздің еліміздің соңғы бес маусымдағы коэффициенті - 16,875. Одан кейін Шотландия (16,750), ал 24-ші орынға Израиль (17,000) жайғасқан.

Көшбасшылар үштігінде Испания (86,283), Англия (65,105) және Италия (64,368) бар.

Еске салайық, Еуропа Лигасында тағы екі отандық команда - «Тобыл» мен «Қайрат» өнер көрсетіп жатыр.

Көшбасшылар үштігінде Испания (86,283), Англия (65,105) және Италия (64,368) бар.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал