27.03.2018, 13:35 821 Қазақстан ұлттық құрамасының футболшыларын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Бүгін таңертең Қазақстан ұлттық құрамасы Будапешт - Астана әуе бағытымен Қазақстанға оралды. Елордалық жанкүйерлер ұлттық құраманың футболшыларын әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас бапкер Станимир Стоилов шәкірттері Венгрияда екі жолдастық кездесу өткізген болатын. Алғашқы ойында Венгрия құрамасын 3:2 есебімен ұтып, екінші ойында Болгарияға 1:2 есебімен жол берді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал