27.06.2018, 14:11 654 Қазақстан ҰОК өкілдері Токио Олимпиадасына дайындықты жапондық әріптестерімен талқылады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті жанындағы спорт Дирекциясының қызметкерлері Жапонияның Нара префектурасының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесудің баста тақырыбы - отандық спортшылардық Жапониядағы спорттық нысандардың базасында жаттықтыру. Бұл 2020 жылғы Олимпиада ойындарының алдындағы маңызды жайттардың бірі.

Айта кету керек, бұл жапондық әріптестермен болып отырған алғашқы кездесу емес. Жапониядағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен 2020 жылғы Токио Олимпиадасына арналған жаттығу базалары бар префектура өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып тұрады. 

Кездесу қорытындысы бойынша, 11-26 қыркүйек аралығында волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы Жапонияда оқу-жаттығу жиындарын өткізетін болып шешілді. Бұл жиын 30 қыркүйек пен 21 қазан аралығында Жапонияда өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы қыздарымыздың соңғы жаттығу кезеңі болмақ. Біздің команда Доминикан Республикасы, Сербия, Бразилия, Кения және Пуэрто-Рикомен бір топқа түсті.  

Еліміздегі олимпиадалық спорт түрлеріндегі өзге де федерациялармен аталған бағытта жұмыс жүргізіледі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал