04.10.2018, 11:42 890 Қазақстан волейболшылары көш басындағы Сербияға жол берді

Волейболдан Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионаты Қаақстан құрамасы үшін аяқталуға жақын. Қазақстан командасы қатарынан төрт ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Кения, Пуэрто-Рико, Доминикан Республикасынан жеңілген Қазақстан D тобының үздігі Сербияға да есе жіберді. 

Қазақстан Сербиядан 18:25, 16:25, 13:25 есебімен ұтылды. 

Біздің команда сапынан Яна Петренко мен Екатерина Жданова тиісінше 7 және 6 ұпай жинады. 

Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі соңғы матчы Бразилияға қарсы өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал