10.10.2018, 12:18 417 Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

Қазақстан құрамасы Уэльс, Беларусь және Португалия құрамаларымен бір топта ойнайды. Барлық ойындар Португалияда өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан U-17 құрамасының ойын кестесі:

10.10.2018. Португалия U-17 - Қазақстан U-17

13.10.2018. Уэльс U-17 - Қазақстан U-17

16.10.2018. Қазақстан U-17 - Беларусь U-17

 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының U-17 тізімі:

Қақпашылар: Константин Пузанов («Динамо Минск», Беларусь), Әділ Жанайдар, Владимир Бирюков (екеуі де - «Қайрат»);

Қорғаушылар: Жасұлан Ержігіт (академия «Оңтүстік»), Дамир Қасаболат, Арсен Азатов, Владислав Бутырин, Александр Широбоков, Лев Кургин (барлығы - «ҚКайрат»), Теңізбай Әбдірахманов, Юрий Аханов (екеуі де - «Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Мағжан Бауыржан, Әділет Қуаныш (екеуі де - «Қайсар М»), Кахрамон Хасанов (академия «Оңтүстік»), Айбар Құссайынов, Ален Айманов, Абдулла Шен (барлығы - «Қайрат»), Нұрғайни Бөрібаев («Астана»);

Шабуылшылар: Әділхан Добай (академия «Оңтүстік»), Байжан Мәделхан («Қайрат»);

Жаттықтырушылар штабы: Игорь Свечников - аға жаттықтырушы, Иван Азовский - аға жаттықтырушының көмекшісі, Ерлан Махамбедиев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Александр Убыкин - қақпашылар жаттықтырушысы, Сергей Елисеев - дәрігер, Станислав Ведлер - массажист, Дінмұхамед Оралов - менеджер.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал