04.06.2018, 15:39 788 Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогында 6 медаль жеңіп алды

2-3 маусым күні Австрияның Лейбинц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. 39 елден 580 жас дзюдошылар белдескен бәсеге Қазақстан жастар құрамасынан 30 спортшы татамиге шығып, оның 6-ауы жүлдегерлер қатарынан табылды деп хабарлайды Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Екі алтын, төрт қола медаль иеленген Қазақстан жастар құрама командасы Еуропа кубогында жалпы командалық кестеде 10-орынға тұрақтады.

Жүлдегерлер тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

Күміс – Бауыржан Нарбаев (60 кг)

Күміс – Мөлдір Нарынова (70 кг)

Қола – Арслан Есенгел (60 кг)

Қола – Жанболат Бағтбергенов (73 кг)

Қола – Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг)

Қола – Ғалия Тынбаева (48 кг)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал