23.03.2018, 23:57 766 Қазақстан жастар құрамасы Францияға жол берді

2019 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Фрация жастары Астанада кездесті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Матчтың алғашқы таймында есеп ашылмай, тең аяқталды. Екінші таймда үш гол соққан Франция футболшыларды үш ұпайды қоржынға салды.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын Люксембургпен 27 наурыз күні елордада өткізеді

Қазақстан U-21 — Франция U-21 - 0:3 (0:0)

Голдар: Дембеле 52 (0:1), Огюстен 56 (0:2), Бамба 59 (0:3)

Ескерту: Соколенко 90+1 — Огюстен 23

Қазақстан U-21: Закиров, Мәжитов, Сламбеков, Әбікен, Жұматов (Наджарян 75), Федин, Соколенко, Қалмұратов, Әбілғазы, Сәрсенов (Өміртаев 57), Вороговский (Шәмші 80)

Франция U-21: Бернардони, Боскальи, Диалло (Упамекано 45+1), Дьяхаби, Ндомбеле (Нкунку 74), Тусар (Нчам 68), Дембеле, Лопес, Бамба, Розье, Огюстен

Бас төреші: Кеннеди (Северная Ирландия)


  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал