27.03.2018, 21:03 761 Қазақстан жастар құрамасы Люксембургты тас-талқан етті

Астанада өткен ойында Талғат Байсуфинов командасы үш ұпайды еншіледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жетінші ойынында Қазақстан жастар құрамасы Люксембург футболшыларын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда қорғаушы Ян Вороговский үш минуттың ішінде екі гол соғып, біздің құраманы алға шығарды.

Екінші таймның соңына қарай Люксембург қорғаушысы өз алаңында ойын тәртібін бұзып, кездесуді ерте аяқтады. Төреші белгіленген он бір метрлік нүктеден мүлт кетпеген Максим Федин есепті қорытындылады. – 3:0.

Қазақстан U-21 — Люксембург U-21 – 3 :0

Голдар: Вороговский 10 (1:0), Вороговский 12 (2:0), Федин - пенальти 73 (3:0)

Алаңнан қуылған ойыншы: Сакра 71

Ескерту: Шәмші 56, Вороговский 63 — Сакра 51, Эверт 63, Шаус 77

Қазақстан U-21: Закиров, Мәжитов, Әбікен, Жұматов (Наджарян 76), Федин (Бақтияров 85), Соколенко, Қалмұратов, Шәмші, Тұрсынбай (Сұлтанов 78), Антипов, Вороговский

Люксембург U-21: Рулез, Эверт, Да Граса Диас, Бранденбургер, Тинелли (Авдусинович 46), Муратович Э., Муратович Б. (Прюдомм 46), Коуту Пинту (Куэте 73), Дурьятти, Шаус, Сакра

Бас төреші: Денис Щербаков (Беларусь)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал