07.09.2018, 21:54 1818 Қазақстан жастар құрамасы Словениямен тең ойнады

Жастар арасындағы 2019 Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан мен Словения жастар құрамасы тең түсті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан жастар құрамасы елордадағы «Астана Арена» стадионында Словения құрамасымен, 0:0 есебімен тең түсті. 11 қыркүйек күні Қазақстан мен Словения жастары қайта кездеседі. Ойын Словенияның Птуй қаласында өтеді.

Қазақстан U-21 – Словения U-21 - 0:0 (0:0)

Ескерту: Рауан Орынбасар 20, Рамазан Оразов 25, Юрий Перцух 61 - Яка Биоль 59

Қазақстан U-21: Игорь Трофимец, Александр Соколенко, Сұлтан Әбілғазы, Рауан Орынбасар, Сағадат Тұрсынбай, Юрий Перцух, Максим Федин (к), Геворг Наджарян (Джахонгир Ходжамов 90+1), Рамазан Оразов, Иван Антипов (Роман Уханов 88), Оралхан Өміртаев (Жандос Сұлтанов 63).

Резерв: Мухамеджан Сейсен (вр), Қуаныш Қалмұратов, Талғат Кусяпов, Наурызбек Жагоров.

Аға жаттықтырушы: Талғат Байсуфинов

Словения U-21: Грега Сорчан (вр)(к), Жига Липушек, Джон Станкович, Ожбей Кухар, Эрик Глиха, Давид Брекало, Деян Вокич, Янез Пишек, Яка Биоль, Ян Репас (Матич Врбанеч 60), Ян Млакар (Ален Озболт 75).

Резерв: Метод Юрхар (вр), Александар Боскович, Тимоти Мате, Адам Черин, Деян Петрович.

Аға жаттықтырушы: Глиха Примож.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал