04.05.2018, 9:43 853 Қазақстанда IAAF-тың екінші деңгейлі курсы өтіп жатыр

Өскемен қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) жаттықтырушыларға арналған курсы өтіп жатыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Бұған дейін елімізде IAAF-тың екінші деңгейлі курсы өтпеген. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ғылыми-техникалық орталығының шақыруымен Германиядан Иван Ральф шақырылды.

Семинар-тренинг 8 күнге жоспарланған. Онда көпсайыспен айналысатын спортшыларды қалай дайындау керектігі айтылады. Сондай-ақ практикалық сабақтар мен жаттығу әдістерін талдауға да уақыт бөлінеді. Курсқа 24 қазақстандық жаттықтырушы қатысып жатыр. Айтпақшы, олардың арасында тәжірибелі стайер Андрей Лейменов бар. 5 мамырда олар емтихан тапсырып, IAAF-тың екінші деңгейлі сертификатына ие болады. Сегіз күндік курс – «Атлетті дамыту» және «Энергетикалық жүйе» деп екіге бөлінеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал