21.09.2018, 15:37 1457 Қазақстанда УЕФА бұқаралық футбол апталығы басталады

23-29 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық өңірінде УЕФА бұқаралық футбол апталығы (UEFA Grassroots week) басталады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

УЕФА бұқаралық футбол апталығы - жыл сайын ұйымдастырылатын шара. Еуропа футбол қауымдастықтары одағына мүше әрбір ел бұқаралық футбол апталығын өткізуде тәжірибесі бар.

Еліміздің барлық аймағында бір аптаға созылатын бұқаралық шарада футбол шаралары, мектеп оқушылары арасында турнирлер мен әртүрлі ойындар ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты – балалар мен жастар арасында футболға деген қызығушылықты арттыру.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал