21.02.2018, 17:23 844 Қазақстанда жаңа бүкіләлемдік AIGА әуесқой грепплинг Федерациясы құрылды

Қазақстанда құрылған жаңа бүкіләлемдік AIGА әуесқой грепплинг Федерациясы құрылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ХАБ-қа сілтеме жасап.

Айта кетер жайт, спортшылардың басым бөлігі кәсіби ADCC ұйымының ережелеріне сәйкес бәстесуге қорқады, әсіресе, «кәсіпқойлар» санатындағылар. Себебі, бұл біршама қауіпті спорт түрі және ережелері де тек кәсіби спортшыларға ғана қарастырылған. Осыған орай, ADCC бүкіләлемдік ұйымының қолдауымен Қазақстанда жаңа бүкіләлемдік AIGА әуесқой грепплинг Федерациясы құрылды. Оның ADCC-ден бірден-бір ерекшелігі, негативті ұпайлар жекпе-жектің басынан бастап есептеледі. Ал ADCC ережелері бойынша ондай ұпайлар тек белдесудің екінші жартысында ғана есептеледі. Осы өзгерістердің арқасында, төрешілердің айтуынша, жекпе-жектер белсенділікпен басталады. ADCC халықаралық және бүкіләлемдік жарыстарында спортшылар кездесудің бірінші жартысында тек қауіпсіз техника мен әдістерді қолданады.

AIGА әуесқой грепплинг Федерациясының аясында осы спорт түрінен бірінші турнир Астанада өтті. Еліміздің астанасы мен Ақмола облысының іріктеу кезеңі Елордадан басталғаны жайдан жай емес.

- Турнир Астананың керемет спорт кешендерінің бірі "Алатауда" өтті. Жекпе-жектер қызықты да тартысты болды. Бұған жаңа өзгерістер әсер еткені сөзсіз. Белдесулердің алғашқы минуттарынан-ақ, негативті ұпайлар сылбыр күрес пен бұзушылық үшін есептелді. Жаңа ережелер спортшылардың белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Ал қатысушылар өз кезегінде, керемет өнер көрсетіп, жеңіске деген ынталарын арттырды. Маған соңғы, финалдағы 76 кг санаттағы жекпе-жек ерекше ұнады.  Балуандардың деңгейі бірдей болғандықтан, оларға қосымша уақыт беруге тура келді. Жалпы, турнир жоғары деңгейде өтті. Бұл жекпе-жек түрін әрі қарай дамытамыз деген үміттемін, - деп бөлісті турнир төрешісі Олжас Досжанов.

Қазіргі таңда, іріктеу жарыстары еліміздің барлық аймақтары мен қалаларында өтіп жатыр.  Сонымен қатар, әуесқойлар арасында грепплингтен Қазақстан чемпионатын Қарағандыда өткізу жоспарлануда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал