20.03.2018, 16:24 926 Қазақстандағы волейбол жарыстары толық цифрлық жүйеге көшеді

Павлодарда волейболдан әйелдер арасында ұлттық лиганың бесінші тур ойындары басталды,деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар24-ке сілтеме жасап.

Сегіз команда сынға түсіп жатқан сайыста Өскеменнің «Алтайы» топ бастап келеді. Екінші орынға «Ертіс-Қазхром» мен «Жетісу» таласып жүр. Екінші жарыс күні «Астана» 3:0 есебімен «Қарағанды» волейболшыларын ұтты. «Алтай» мен «Жетісу» арасындағы ойын көпшілік күткендей тартысты болған жоқ. Жүлдеден дәмелі мықтылардың кездесуінде өскемендік қыздар 3:0 нәтижесімен жеңіске жетті. Бүгін «Жетісу» қыздары «Қарағандыдан» басым түссе, «Астана» «Қуаныштың» осал тұсын тапты. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі, төрешілер алғаш рет итальяндық электронды есептеу жүйесін қолданып жатыр. Бағдарлама арқылы хаттамалар бірден сайтқа түсіп отырады. Мамандар келер жылдан бастап Қазақстандағы волейбол жарыстары толық цифрлық жүйеге көшетінін айтады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал