21.02.2018, 14:38 3906 Қазақстандық әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды

Гибралтардағы турнирде үш рет жеңіске жеткен астаналық Динара Сәдуақасова әлемдік рейтингтегі орнын жақсартып, 19-шы сатыға көтерілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Халықаралық шахмат федерациясы  (ХШФ) үздік теннисшілердің тізімін шығарды. Айтылған көрсеткіште жерлесіміз Динара Сәдуақасова 19-шы орынға тұрақтады.

Отандасымыз Гибралтарда өткен ашық турнирде бақ сынап, тамаша нәтиже көрсетті. 50 елден 276 ойыншы қатысқан жарыста Динара үш рет жеңіске жетті. Оның екі кездесуін  гроссмейстер атағы бар ер азаматтарға қарсы өткізді.    

Еске сала кетейік, Сәдуақасова өткен жылдың желтоқсан айында Annual Asian Chess Excellence Award премиясымен марапатталған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал