30.10.2018, 10:31 1064 Қазақстандық ауыр атлеттер Ашхабадта алғашқы жаттығуын өткізді

29 қазанға қараған түні ауыр атлетикадан Қазақстан командасы 2018 жылғы әлем біріншілігіне қатысу үшін Ашхабадқа ұшып келді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауыр атлеттер Түркменстан астанасындағы алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді. 

Аталған әлем біріншілігінің біздің құрама үшін маңызы зор. Себебі, зілтеміршілер жаңа олимпиадалық салмақтар бойынша сынға түседі. Одан бөлек, бір жылдық үзілістен соң Қазақстан командасы әлемдік додаға қайта оралып отыр.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 1-10 қараша аралығында өтеді. Бұл дода 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия беретінін де еске саламыз.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал