03.07.2018, 14:58 538 Қазақстандық бала футболдан FIFA ӘЧ-2018 финалында ойыншылармен алаңға шығады

9 жасар Мадали Исабек футболдан әлем біріншілігі финалында бой көрсетеді. Ол әлемдік доп додасының ақтық кезеңіне өтетін қос команда ойыншыларының біреуімен алаңға ілесіп шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жедел тамақтану қызметін ұсынатын компаниялардың бірі келушілер арасында акция өткізіп, нәтижесінде 13 адам жеңімпаз атанды. Оның 5-еуі футболдан әлем чемпионатының ширек финал ойындарына, 4-еуі жартылай финал ойындарына, 3-еуі ақтық финал ойындарына жолдама ұтып алды. Ал, ең басты сыйлық - ӘЧ-2018 финалына өтетін қос команда ойыншыларының қолынан ұстап шығу мүмкіндігіне Мадали Исабек ие болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал