11.05.2018, 15:56 1026 Қазақстандық балуан Қошқар Ташкентте Азия чемпионы атанды

Ташкентте кадеттер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 55 елі салмақта ел намысын қорғаған Дінмұхамед Қошқар өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, Азияның жеңімпазы атанды. Дінмұхамед финалда өзбекстандық Амирбек Солтановтан басым түсті.

Финалда ирандық Саджад Жавидтен 4:7 есебімен жеңілген Исхар Курбанов Азияның күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ, қола медальді 45 келідегі Мақсат Ерманов жеңіп алды. Мақсат үшінші орын үшін болған белдесуде қытай балуанын 12:1 есебімен ұтты.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал