02.04.2018, 15:05 861 Қазақстандық балуандар АҚШ-та сегіз медаль жеңіп алды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы АҚШ-та өткен халықаралық «Билл Фаррел» турнирінде сегіз жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі жарыстың қорытындысы бойынша отандастарымыз үш алтын, екі күміс және үш қола медаль еншіледі.

Саятбек Оқасов (70 келі), Илисхан Чилаев (92 келі) және Ермұхамбет Іңкәр (125 келі) чемпион атанды. Сәкен Айтжанов (79 келі) пен Олег Болтиннің (125 келі) еншісінде күміс медаль. Мейржан Әшіров (70 келі), Эльхан Асадов (92 келі) пен Мамед Ибрагимов (125 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал