19.07.2018, 9:50 768 Қазақстандық балуандар екі салмақ дәрежесінде топ жарды

Үндістанның Нью-дели қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші күні еліміздің жас балуандары үшін сәтті өтті. Серік Жұмашев жетекшілік ететін грек-рим күресінің шеберлері 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР Күрес түрлері федерациясына сілтеме жасап.

60 келі салмақта ел намысын қорғаған Ғалым Қабдынасаров финалда ирандық қарсыласын ұтып, Азия чемпионы атанса, 67 келіде күрескен Мерей Бекенов те өз салмағында үздік атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Мерей алтын медаль үшін болған белдесуде қырғызстандық балуаннан айласын асырды.

82 келі салмақта күрескен Станислав Рыльский Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Осылайша, Азия чемпионатының алғашқы екі күнінде бозкілемде белдескен грек-рим күресінің балуандары жарысты аяқтады. Қазақстанның жас балуандары 2 алтын, 5 қола медальмен командалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орында – Иран. Үздік үштікті Қырғызстан балуандары қорытындылады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал