24.10.2018, 12:02 739 Қазақстандық баскетболшы қыздар Азия чемпионатына қатысады

28 қазан мен 3 қараша аралығында Үндістанның Бенгалуру қаласында баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған құрлық додасына Қазақстан қыздар командасы да қатыспақшы, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Осымен 25-ші рет өтетін сары құрлық сынына қазақстандықтар 2007 жылдан бері қатысып келеді. Алайда, команданың көрсеткіші көңіл қуантарлықтай емес.

Біздің команданың ең жоғарғы көрсеткіші 2010 жылы ғана тіркелген, 6-шы орын. 

Ұлттық құрамаға «Ертіс», «Астана Тайгерс», сондай-ақ, Ақтөбе мен Алматы клубтарында сынға түсетін жас баскетболшылар шақырту алған. 

Азия чемпионатында Қазақстан Гонконг, Сирия және Самоамен бірге В тобында бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, Үндістандағы Азия чемпионаты 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал