18.09.2018, 12:57 1094 Қазақстандық баскетболшылар сырт алаңда Австралияға жол берді

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Австралиядан ұтылып қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жасыл құрлықта өткен кездесуде біздің спортшылар 94:41 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Қазақстан сапынан Александр Жигулин мен Дмитрий Гаврилов ең көп ұпай жинады. 

Бұл матчта Австралияның басым болуы заңды. Өйткені, әлемдік ФИБА рейтингінде австралиялықтар үздік ондыққа енеді, ал Азия және Океания аймағында бірінші сатыда тұр.

Осы кездесуден соң Қазақстан F тобында бесінші орынға сырғып, әлем чемпионатына жолдама алатын төрттіктен тыс қалуда. 

Біздің команданың алдында әлі төрт ойын бар. Қазақстандықтар Филиппинмен екі ойын өткізсе, сырт алаңда Жапониямен және өз жерінде Австралиямен айнайды.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал