18.04.2018, 12:58 862 Қазақстандық белгілі футболшы «Қайратты» жаттықтыратын болды

Тәуелсіз Қазақстанның үздік футболшыларының бірі, ұлттық құраманың бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Карпович Алматының «Қайрат» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Клуб басшылығы мен команданың бас бапкері Карлом Алос Ферердің шешімімен Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясындағы «Оқжетпеске» қарсы ойынға команданы Андрей Карпович жаттықтыратын болды.
Карпович клубқа бас бапкердің көмекшісі ретінде 2017 жылы, грузиялық маман Кахабер Цхададзенің тұсында келген. Ойыншы ретіндегі карьерасын Семейде бастаған, 1998 жылы Қазақстан чемпионы болды. Соңғы уақытта «Қайраттың» шабуыл шебін өзі жаттықтырып жүр.
Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясындағы «Оқжетпес» - «Қайрат» кездесуі бүгін 14:00-де болады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал