15.03.2018, 15:07 974 Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогында өнер көрсетеді

Бүгін Норвегияның Холменколлен қаласында биатлоннан Әлем кубогының сегізінші кезеңі басталады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы спринтте Қазақстан атынан Галина Вишневская, Алина Райкова, Дарья Климина мен Елизавета Бельченко жарыс жолына шығады.

Ерлер арасындағы сайыста ел намысын Владислав Витенко, Василий Подкорытов, Максим Браун мен Роман Еремин қорғайды.

Әйелдер арасындағы спринт Астана сағат 17:00-де, ал ерлер сайысы 19:45-те басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал